№2 Новоишим орта мектебінің 6 "А" сынып оқушылары арасында У.А.Елтаева,информатика мұғалімі сыныптан тыс "Жас информатиктер" атты іс-шара өткізді. Іс-шара сайыс түрінде болды. Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Балалар сайыс барысында 2 топқа бөлініп, информатикаға қатысты сұрақтарға "иә" немесе "жоқ" деп жауап берді. "Құпия жәшік" кезеңінде, 10, 20, және 30 баллдан тұратын сұрақтарды таңдап, сәйкесінше жауаптарын тапты. Сонымен қатар, "Кім жылдам" кезіңінде де балалар өз білімдерін көрсете білді. Оқушылар практикалық кезеңінде компьютермен тапсырмалар орындады.Венгр сөзжұмбағында, информатика пәніне арналған жасырынған Пиксель, Архив, Модем, Микропроцессор, Плоттер сияқты сөздерді табу керек болды. Бұл тапсырмаларды да балалар өте қызықты талқылап, жауаптарын таба білді.Балаларға әр дұрыс жауапқа топқа ұпайлар беріліп, соңында ұпай санын санап жеңіске жеткен топ анықталды.