2025 жылғы 13 қаңтарда «Адал азамат» бірыңғай бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығының іс-шаралар жоспары шеңберінде учаскелік инспектор А.Н.Котельник 1-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында Алексей Николаевич «Жауапкершілік және заң» тақырыбында профилактикалық әңгімелесу өткізіп, білім алушыларға кәмелетке толмағандардың мінез-құлық нормалары, құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы еске салды. Қоғамдық тәртіпті сақтау, оқушылардың жеке қауіпсіздігі және құқықтық мәдениеті мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу тікелей диалог форматында өтті: оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық санасы мен заңға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Қамту: 50 оқушы
В ходе встречи Алексей Николаевич провёл профилактическую беседу на тему «Ответственность и закон», в ходе которой напомнил обучающимся о нормах поведения, правах и обязанностях несовершеннолетних, а также об ответственности за правонарушения. Особое внимание было уделено вопросам соблюдения общественного порядка, личной безопасности и правовой культуры школьников.